26.11.2009, 18:45 3254

Қазақстанда аттракциондарды пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы стандарттар белгіленеді

Қазақстанда аттракциондарды пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы стандарттар белгіленеді

Астана. 26 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанда аттракциондарды пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы стандарттар белгіленеді. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бас прокуратура үкіметке аттракциондар мен ойын-сауық қондырғыларын қолдану саласындағы мәселелерді шешу үшін ұсыныстар енгізген болатын.

Бүгінгі күні тиісті құқықтық реттіліктің жоқтығы аттракцион иелерінің жауапсыздығына, жарақат алу санының көбеюіне соқтырып, соның салдарынан балалардың денсаулығы мен өміріне қауіп төнуде.

Естеріңізде болса, осы жылдың 1-ші жарты жылдылдығының өзінде 29 кәмелетке жасы толмаған балалар республиканың әр аймақтарында аттракциондарда түрлі жарақаттар алған (Астана қаласында-14, Қарағанды облысында-8, Павлодар облысында-6, Қостанай облысында -1).

Бас прокуратура бастамасы премьер-министр тарапынан қолдау тапты, аттракциондарды пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы стандарттар белгілеу Индустрия және сауда министрлігіне жүктелді, Иділет министрлігі аттракциондар қызметін құқықтық реттеу, ойын-сауық құрылғыларының техникалық жағдайына қадағалауды жүзеге асыратын органды айқындау, қарастырып отырған салада қайғылы оқиғаларды сақтандыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны