09.09.2016, 10:51 4157

Қазақстанда ауа сапасын басқару саясатыныӊ сараптамасы талқыланды

2001 жылы Еуропаныӊ ауа сапасын басқару және оны мониторинг жасау шеӊберіндегі еӊ табысты өӊірлік келісімдердіӊ бірі болып табылатын Ауаныӊ алыс қашықтықта шекарааралық ластануы туралы конвенциясыныӊ тарабы ретінде Қазақстан қосылды.

Астана. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР Энергетика министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымы Еуропалық экономикалық комиссиясыныӊ (БҰҰ ЕЭК) қолдауымен ҚР Энергетика Вице-министрі Ғ.Қ. Сәдібековтыӊ төрағалығымен "Ауаныӊ алыс қашықтықта шекарааралық ластануы туралы конвенция шеӊберінде ауа сапасын басқару және Қазақстанныӊ нормативтік-құқықтық базасына қатысты бағалау және ұлттық саясатты талдауды талқылау" тақырыбында дөӊгелек үстел өткізді.

ҚР ЭМ Баспасөз қызметі хабарлағандай, іс-шараға мүдделі мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар мен ҚР Энергетика министрлігініӊ құрылымдық бөлімшелерініӊ өкілдері қатысты.

2001 жылы Еуропаныӊ ауа сапасын басқару және оны мониторинг жасау шеӊберіндегі еӊ табысты өӊірлік келісімдердіӊ бірі болып табылатын Ауаныӊ алыс қашықтықта шекарааралық ластануы туралы конвенциясыныӊ тарабы ретінде Қазақстан қосылды. Конвенция ауаныӊ ластануына қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты жалпы қағидаттарымен қатар, сондай-ақ ғылым мен саясатты біріктірілген институционалдық құрылымын бекітті. Ол халықаралық экологиялық құқықтыӊ тағайындауына елеулі үлес қосқан және ауаныӊ трансшекаралық ластануынан қоршаған ортаға және адам денсаулығына зияндығын қысқарту және бақылайтын құрылым құрды.

Дөӊгелек үстелге қатысушылары БҰҰ ЕЭК дайындаған ауа сапасын басқаруда және бағалауға қатысты Қазақстанныӊ нормативтік-құқықтық базасын және талданған саясатын, сондай-ақ Алыс қашықтықта ауаныӊ шекарааралық ластануы туралы Конвенцияны жүзеге асыруындағы алдағы қадамдары талқыланды.

Дөӊгелек үстел нәтижесі бойынша Алыс қашықтықта ауаныӊ шекарааралық ластануы туралы конвенцияға хаттамаларды ратификациялау және еӊ озық қолжетiмдi технологияларды енгізу жөніндегі нақты жоспарларын қабылдау үшін ұсынымдар жасады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны