05.11.2012, 12:38 3069

Қазақстанда ауылшаруашылығында пайдаланылмаған жер телімдеріне салынатын жер салығын 10 есеге арттыру ұсынылды

"Енгізілген ұсыныстар шаруа қожалықтарына жер салығын мардымсыз ғана арттыруды ұсынамыз. Осы есептеулерді сақтау жағдайында заңды тұлғаларға 5 есеге, ал жерді тиімсіз пайдаланатындар мен жерді мүлде пайдаланбайтындар үшін бұл көрсеткішті 10 есеге арттыру қажет".

Астана. 5-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанда ауылшаруашылығында пайдаланылмаған жер телімдеріне салынатын жер салығын 10 есеге арттыру ұсынылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мұндай ұсынысты ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің өкілдері енгізді. Бұл жөнінде үкімет сағатының барысында ведомство басшысы Қадырхан Отаров мәлімдеді.

"Бүгінгі күні барлық жер салықтары 22 млрд теңгені құрайды немесе жалпы мемлекет бойынша түсетін жер салықтарының үлес салмағы 0,01%-ды құрайды. Аграрлық сала немесе ауыл шаруашылық кәсіпорындары төлейтін барлық сақытардың үлес салмағында 6%-ды құрайды. Егер жер салығын арттыруға келер болсақ, әркімдікі өзіне болуы тиіс. Бұдан кейін жер пайдаланушыларға үлкен шығын келеді және аграрлық сала нашарлайды дегенмен мен келіспеймін", - дейді Қ.Отаров.

Агенттік төрағасы атап айтқандай, енгізілген ұсыныстар шаруа қожалықтарына жер салығын мардымсыз ғана арттыруды қарастырады. Осы есептеулерді сақтау жағдайында заңды тұлғаларға 5 есеге, ал жерді тиімсіз пайдаланатындар мен жерді мүлде пайдаланбайтындар үшін бұл көрсеткішті 10 есеге арттыру қажет", деп мәлім етті Қадырхан Отаров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны