09.08.2012, 12:07 3242

Қазақстанда азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқыту бағдарламасы бекітілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқыту бағдарламасы бекітілді, деп хабарлайды ресми БАҚ.

Астана. 9-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқыту бағдарламасы бекітілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 21 мамыр , Астана, Үкімет Үйі №650 Азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқыту бағдарламасын бекіту туралы "Искери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқыту бағдарламасы бекітілсін.

2. "Азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқыту бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 мамырдағы № 381 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 17, 161-құжат).

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МИСІМОВ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны