30.09.2009, 14:13 3051

Қазақстанда азаматтығы жоқ жеті жарым мыңдай адам тұрады - ІІМ

Қазақстанда азаматтығы жоқ жеті жарым мыңдай адам тұрады - ІІМ

Астана. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгінгі жағдаймен Қазақстанда азаматтығы жоқ жеті жарым мыңдай адам тұрады. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасындағы азаматтықтан тыс тұруды азайту және оның алдын алу жөніндегі ұлттық семинарда ҚР Ішкі істер министрлігінің Икімшілік полициясы комитетінің азаматтық және иммиграция жөніндегі басқармасының бастығы Сергей Пономарев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Бүгінгі күні Қазақстанда азаматтығы жоқ 7600 адам тұрады, олардың 7200-і ТМД, 443-і - алыс шетел азаматтары", - деді С. Пономарев.

"Кейінгі жылдары алыс шетелдерден келген азаматтығы жоқ адамдардың саны 990 адамнан 443 адамға дейін азайды. Сонымен бірге ТМД елдерінен келгендер саны арта түсуде, олардың арасынан ең көп келгені - Ресейден, ол жақтан 2000 адам, Өзбекстаннан 1800 адам, Қырғызстаннан - 643 адам келді", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны