15.11.2012, 17:32 3451

Қазақстанда Азық-түлік қауіпсіздігі стратегиясы енгізіледі

Республикада халықаралық тәжірибенің талаптарына сай Азық-түлік қауіпсіздігі мен инспекциялық жүйенің жаңа стратегиясы енгізілетін болады, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Стартегиялық даму департаментінің директоры Болат Төкежанов "Денсаулық сақтау реформалары әлеуметтік жаңғырту жолында" тақырыбында өткен дөңгелек үстел отырысында сөйлеген сөзінде.

Астана. 15-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанда Азық-түлік қауіпсіздігі стратегиясы енгізіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Республикада халықаралық тәжірибенің талаптарына сай Азық-түлік қауіпсіздігі мен инспекциялық жүйенің жаңа стратегиясы енгізілетін болады, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Стартегиялық даму департаментінің директоры Болат Төкежанов "Денсаулық сақтау реформалары әлеуметтік жаңғырту жолында" тақырыбында өткен дөңгелек үстел отырысында сөйлеген сөзінде.

"Қазақстан Дүниежүзілік Банкпен бірлесіп жүзеге асырып жатқан "ҚР Денсаулық сақтау секторына технологияларды беру және институциялық реформалар жүргізу" жобасына сай, 2013-2015 жылдары Қазақстанда Азық-түлік қауіпсіздігі мен инспекциялық жүйенің жаңа стратегиясы енгізілетін болады", - деді Б.Төкежанов.

Халықаралық талаптарға сай жаңа стратегияны енгізу үшін өңірлік СЭС инспекторлары мен азық-түлік өнімдеріне заманауи тәсілдермен талдау жасау жөніндегі мамандар арнайы оқытылатын болады деді ол.

Үстіміздегі жылы азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі 1088 сарапшы Қазақстанда және 73 маман шетелдерде оқу оқыды.Сондай-ақ, ДСҰ талаптарына сай, 26 техникалық тәртіп пен 25 санитарлық ережені үйлестіру жұмыстары жүргізілді.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Астанада "ҚР Денсаулық сақтау секторына технологияларды беру және институциялық реформалар жүргізу" жобасын жүзеге асыруға арналған дөңгелек үстел отырысы болып өтті. Бұл жоба "Саламатты Қазақстан" бағдарламасы шеңберінде денсаулық сақтау реформаларын қолдауға бағытталған. Шараға мемлекеттік органдардың, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Дүниежүзілік Банктің, БҰҰ дамыту бағдарламасының, ФНИСЕФ-тің, Жаһандық қордың және т.б. өкілдері қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны