28.04.2016, 14:40 4395

Қазақстанда Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы (АҚИҰ) құрылды

Астанада Азық-түлік қауіпсіздігі және ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) министрлері конференциясыныӊ 7-сессиясы өтті. Конференция шеӊберінде Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы (АҚИҰ) Бас Ассамблеясыныӊ құрылтайшы сессиясы өткізілді

Астана. 28 сәуір. Kazakhstan Today - Астанада Азық-түлік қауіпсіздігі және ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) министрлері конференциясыныӊ 7-сессиясы өтті. Конференция шеӊберінде Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы (АҚИҰ) Бас Ассамблеясыныӊ құрылтайшы сессиясы өткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

АҚИҰ жарлығына сай Кеӊес 8 мүшеден тұрады, Қазақстан құрылған ұйымныӊ тұрақты мүшесі болмақ. Бас Ассамблея АҚИҰ Бас Ассамблея Төрағасы қызметіне Қазақстанныӊ кандидатурсын қолдады.

Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымын құру бастамасын 2011 жылы Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеӊесініӊ 38-сессиясында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көтерген болатын. Екі жылдан кейін ИЫҰ мүше мемлекетініӊ 30 сарапшысы Астана қ. өткен үкіметаралық эксперттік отырыста жарғылық құжаттыӊ жобасын келісті.

Қазақстан азық-түлікпен қамтамасыз етуде жоғары әлеуетке ие. Соӊғы 5 жыл ішінде ұн мен астық экспорты бойынша еліміз алдыӊғы қатарды иеленіп келеді. Бұған қоса, республикада ауыл шаруашылығы өнімділігімен еӊбек өнімділігін жоғарлату бойынша резервпен бірге табиғи ресурстардыӊ қажетті көлемі бар, шамамен 180 млн. га жайылымдық және 24 млн. га егістік жер.

Сондықтан құрылған ұйымныӊ штаб-пәтерініӊ Астана қ. орналасуы кездейсоқ емес. АҚИҰ жұмысы мүше мемлекеттерге ауыл шаруашылығын, ауылдық жерлерді, азық-түлік қауіпсіздігін және биотехнологияны тиімді дамыту аясында әртүрлі аспектіде техникалық ноу-хау және тәжірибе бермек.

Бұдан басқа, жаӊа ұйым табиғи-климаттық жағдаймен елдердіӊ географиялық орналасуына орай Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше-мемлекеттерге азық-түлікті жеткізу кезіндегі шығындарды барынша азайтуға мүмкіндік беретін қолайлы көліктік-логистикалық маршруттарды құру және бірлескен азық-түлік қорларын қалыптастыру арқылы бағаныӊ шарықтамауына жол бермеу міндеттерін шешпек.

ҚР АШМ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны