02.10.2007, 15:01 2784

Қазақстанда «Бәрін оқыту» жедел-профилактикалық шарасын жүргізген бес күннің ішінде ішкі істер органдарына 9 мыңнан астам кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім жеткізілді

Қазақстанда «Бәрін оқыту» жедел-профилактикалық шарасын жүргізген бес күннің ішінде ішкі істер органдарына 9 мыңнан астам кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім жеткізілді

Астана. 2-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда "Бәрін оқыту" жедел-профилактикалық шарасын жүргізген бес күннің ішінде ішкі істер органдарына 9 мыңнан астам кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім жеткізілді. Бұл жөнінде "Қазақстан Бүгін" агенттігіне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Икімшілік полиция комитеті хабарлады.

"Операция барысында ішкі істер органдарына 8851 жасөспірім жеткізілген. Олардың 4024-і әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін, оның ішінде 2075-і спирттік ішімдіктер пайдаланғаны үшін", - деп атап өтті комитет өкілдері. Полиция қызметкерлерінің мәліметіне сәйкес, ата-аналардың немесе оларды алмастырушы тұлғалардың балаларды тәрбиелеу міндеттемесін орындамағандығы үшін 736 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, кәмелеттік жасқа толмағандарды мас деңгейіне дейін жеткізгендігі үшін 36 үлкен адам жауапкершілікке тартылған.

Сонымен бірге, 665 жасөспірімдерге алкогольдік өнім сату оқиғасы және 500 темекі өнімін сату оқиғасы тоқтатылды. Олардың барлығы бойынша, әкімшілік құқық бұзушылық туралы протоколдар толтырылды.

Комитет ақпаратына сүйенсек, тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрған 19 мыңнан аса кәмелеттік жасқа толмаған жас жеткіншек, оның ішінде, 1002 есірткі затын пайдаланатын, 1830 - спирттік ішімдік және 9657 жағдайсыз жанұядан шыққан жасөспірім тексерілді.

"Кәмелеттік жасқа толмағандарды қылмыстық іс-әрекеттерге тартқандығы үшін 7 қылмыстық іс, қоғамға қарсы әрекет жасағандығы үшін 2 қылмыстық іс, есірткі және психотропты заттарын пайдаланғаны үшін 25 қылмыстық іс және кәмелеттік жасқа толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндеткерліктерді орындамағаны үшін 5 қылмыстық іс қозғалды", - деп атап өтті Икімшілік полиция комитетінің қызметкерлері. Атап айтқанда, "25 қыркүйек күні Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданының полициясы спирттік ішімдікті асыра пайдаланған жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғаған. Ол (әйел адам - "Қазақстан Бүгін" агенттігінің ескертпесі) ұзақ уақыт бойы өзінің 4 жасар баласын төсекке байлап, аш ұстаған", - деп хабарлады полиция қызметкерлері.

Икімшілік полиция комитетінің мәліметіне сәйкес, аталмыш шараға қоғамдық қауіпсіздік, есірткі саудасымен күрес, криминал, жол полициясы бөлімшелерінің барлығы 10 мың шамасындағы қызметкері, 2 мыңнан астам білім беру, 347 денсаулық сақтау мекемелерінің өкілдері, 405 әкімшіліктің барлық деңгейіндегі кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша комиссия жұмысшылары жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны