29.01.2009, 16:57 2727

Қазақстанда биыл ұрлықтар мен тонаушылық артады - ҚР ІІМ

Қазақстанда биыл ұрлықтар мен тонаушылық артады - ҚР ІІМ

Астана. 29 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда биыл ұрлықтар мен тонаушылық артады. Бұл туралы бүгін үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен алқа мәжілісінде Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Елімізде жасалатын ұрлықтар саны 2,4 пайызға, ал тонау әрекеттері 2,8 пайызға өсіп кеткен. Оның айтуынша, баукеспелер уақыт өткен сайын әккі болып барады. Олар енді бұрынғыдай емес, көптеген адамдардан құрылған топ болып, ұйымдасқан түрде қимылдауда. Қылмыскерлер көбіне тұрғын үйлер мен ақша айырбастау орындары, сауда нысандары мен жанар-жағармай станциялары сияқты ақша айналымы неғұрлым мол нысандарға шабуылдауда. Ең өкініштісі, бұл қылмыстар дағдарыс кезінде үдей түсуі мүмкін", дейді министр.

Оның сөзіне қарағанда, жағдайдың осылайша бағыт алуына байланысты тәртіп сақшылары қазір ішкі істер саласының есебінде тұрған азаматтармен жұмысты жетілдіріп, жедел-агентуралық қызметті дамытпақшы, көшедегі қылмыспен күрес күшейтіледі.

ІІМ басшысының айтуынша, "ресейлік әріптестердің мәліметіне қарағанда, жұмыссыздықтың 1%-ға өсуі қылмыстардың 5%-ға өсуіне алып келмек".

Б. Мұхамеджановтың хабарлауынша, өткен жылы Қазақстанда барлығы 127,5 мың қылмыс, соның ішінде ІІМ желісі бойынша 113 мың қылмыс тіркелген.

"Өткен жыл біз үшін күрделі жыл болды. Құқық пен тәртіпті қорғауға белгілі экономикалық қиындықтар кері әсерін тигізді. Осындай жағдайда біз қылмысты азайту міндетін алға қойып отырмыз. Қоғамдық орындардағы қылмыстар шамамен 8%, көшедегі қылмыс 5 астам пайызға азайды. Бұзақылық, адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру, зорлық, қарақшылық пен басқа да қылмыстар азайды. Көптеген қылмыс түрлерін әшкерелеу деңгейі көтерілді", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны