22.10.2007, 19:03 3070

Қазақстанда бір апта ішінде 254 шекара бұзушы ұсталып, 27 контрабанда дерегінің жолы кесілген

Қазақстанда бір апта ішінде 254 шекара бұзушы ұсталып, 27 контрабанда дерегінің жолы кесілген.

Астана. 22-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Өткен аптада Қазақстан Республикасында 254 мемлекеттік шекара бұзушы ұсталып, 27 контрабанда дерегінің жолы кесілген. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Шекара мекемесінің баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 19-қазанда шекарашылар наряды "Қызылташ" шекара күзетінің аумағында өткізу пункітінен тыс жерден көлікке контрабандалық 3,5 тонна құрма артып, Өзбекстаннан Қазақстанға өтіп бара жатқан Қырғызстанның екі азаматын ұстаған.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, демалыс күндері Сарыағаш шекарашылары Өзбекстанның 15 азаматын ұстаған. Олар өткізу пунктінен тыс жер арқылы шекараны асып өтпек болған. Сонымен қатар, "Қайрат" шекара күзетінің аумағынан өткізу пунктін айналып өтпек болған Өзбекстан азаматшасы қолға түскен. Одан 800 мың өзбек сомы мен 108 мың теңге табылған.

"Демалыс күндері Жәнібек бекетінің шекарашылары ресейлік екі шекара бұзушыны құрықтаған, олар көлікпен өткізу пунктінен тыс жер арқылы Қазақстаннан Ресейге 3 тонна қой жүнін алып өтпек болған",- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны