07.09.2009, 18:46 3144

Қазақстанда бір аптада 1711 қылмыс жасалған, оның 1355-і "ізін суымай" ашылды

Қазақстанда бір аптада 1711 қылмыс жасалған, оның 1355-і "ізін суымай" ашылды

Астана. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - Тұтастай алғанда, еліміздегі криминогендік ахуал қалыпты. Апта ішінде 1711 қылмыс жасалған, оның 1355-і "ізін суытпай" ашылды, сондай-ақ бұрын жасалған 325 қылмыстың беті ашылды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қылмысқа қатысы бар деген күдікті 56 адам табылды, 7 бірлік атыс қаруы тәркіленді. 152 есірткіге қатысты қылмыс, оның ішінде 38 есірткі сату фактісі анықталды.

Астанада полиция қызметкерлері ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесін ұстап, одан 101 грамм героин тәркіледі, ал Алматыда Грузия азаматы басқарған "Fiat" автомашинасы ұсталып, одан 4,5 грамм героин тәркіленді, оның жолаушысы - қала тұрғынының үйінен осындай есірткінің 999 грамы тәркіленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны