14.09.2009, 13:17 1631

Қазақстанда бір аптада адам саудасына қатысты 6 оқиға әшкереленді

Қазақстанда бір аптада адам саудасына қатысты 6 оқиға әшкереленді

Астана. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және ашу мақсатында ағымдағы жылдың 7-11 шілдесі аралығында республика аумағында "STOP-трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

ІІМ ақпаратына сәйкес, іс-шараның негізгі міндеті адам саудасы, жеңгетайлық, притон ұстау, жезөкшелікпен айналысуға тарту, адамдарды ұрлау және пайдалану мақсатында заңсыз бостандығынан айыру фактілерін анықтау болып табылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел-профилактикалық іс-шара өткізу барысында полиция қызметкерлері 1 - адам саудасы, 5 - кәмелетке толмағанды сату, 1 - пайдалану мақсатында заңсыз бостандығынан айыру, 2 - пайдалану мақсатында ұрлау, 41 жеңгетайлық пен притон ұстау фактілерін анықтады. Іс-шара кезінде 60 жеңгетай мен жезөкшелікпен айналысатын 398 адам анықталып, есепке қойылды. Жеке басын анықтау үшін 140 адам, оның ішінде ақылы ашыналық қызметтер көрсетумен айналысқан 31 кәмелетке толмаған, 58 ТМД азаматы ішкі істер органдарының арнайы мекемелеріне қамалды.

Ағымдағы жылдың 8 қыркүйегінде Жамбыл облысының ІІД ҰҚҚКБ қызметкерлері 25 жастағы Тараз қаласының тұрғынын ұстады, ол 1994 жылғы кәмелетке толмағанды Тараз қаласынан Алматы қаласына алып шығып, хауыздардың бірінде жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. ҚР ҚК-нің 270-бабы бойынша (жезөкшелікпен айналысуға тарту) қылмыстық іс қозғалды.

Батыс Қазақстан облысының ІІД ҰҚҚКБ қызметкерлері құрамы 4 адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады, олардың Орал қаласының хауыздары мен қонақ үйлерінде жеңсікқұмарлық мақсатта пайдалану үшін кәмелетке толмағандарды ұрлаған қылмыстары әшкереленді. Оларға қатысты ҚР ҚК 133, 125-баптары бойынша (кәмелетке толмағанды сату, пайдалану үшін адам ұрлау) қылмыстық іс қозғалды.

2009 жылғы 7 қыркүйекте Көкшетау қаласында Астана қаласының тұрғыны ұсталды, ол Астана қаласының хауыздарында жеңсікқұмарлық мақсатта пайдалану және материалдық пайда табу үшін Көкшетау қаласында тұратын 20 жастағы қызды ұрлаған.

Батыс Қазақстан облысының ҰҚҚК басқармасы қызметкерлері кәмелетке толмағанды (15 жас) жеңсікқұмарлық мақсатта пайдалану үшін 30000 теңгеге сату кезінде Орал қаласының 3 тұрғынын ұстады.

Жедел-профилактикалық іс-шараны өткізу кезінде Ақмола облысының ІІД ҰҚҚКБ қызметкерлері Өзбекстан азаматын ұстады, ол 2008 жылы қарашада Көкшетау қаласында адам саудасы мен кәмелетке толмағанды сатқаны үшін республикалық іздеуде жүрген болатын.

Қызылорда облысының аумағында 5 кәмелетке толмағандардан тұратын қылмыстық топ ұсталған, олар 15 жастағы кәмелетке толмаған қызды қорқытып, күш көрсету арқылы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.

Ақмола облысының Щучье қаласында 70 жастағы тұрғыны ұсталды, ол 2009 жылғы маусым-тамыз аралығында жұмысқа салу мақсатымен 32 жастағы ер азаматты заңсыз ұстаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны