08.09.2008, 16:49 2560

Қазақстанда бір аптада есірткіге қатысты 170 астам қылмыстың беті ашылды - ІІМ

Қазақстанда бір аптада есірткіге қатысты 170 астам қылмыстың беті ашылды - ІІМ

Астана. 8 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда бір аптада есірткіге қатысты 173, соның ішінде есірткі сатуға қатысты 47 деректің беті ашылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ІІМ ақпапат және бұқарамен байланыс орталығының хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 5 қыркүйекте Алматы қалалық ІІД есірткімен күрес басқармасының қызметкерлері Алматы-1 станциясында Өзбекстан азаматын ұстады, оның қолында Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өткені туралы көші-қон карточкасы, кедендік декларациясы мен Алматы - Новосибирск бағытындағы пойызға алған билеті болған. "Көршілес елдің азаматы мемлекеттік шекарадан Сарыағаш маңында жаяу өтіп, Алматыға дейін автобуспен жеткен. Оның заттарын тінту кезінде кептірілген жемістердің ішінен 1 килограмм 185,5 грамм героин салынып, жапсырылған полиэтилен дорба шыққан".

Сондай-ақ, 28 - 30 тамызда Қырғызстанның үш азаматы Қырғызстанға 5,5 килограмм героинді, 1 килограмнан астам марихуананы Қырғызстаннан Қазақстанға өткізбек болған жерінен ұсталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны