28.10.2007, 15:27 2899

Қазақстанда бір тәулік ішінде 342 қылмыс жасалып, оның 240-ы ашылған

Қазақстанда бір тәулік ішінде 342 қылмыс жасалып, оның 240-ы ашылған.

Астана. 28-қазан. Қазақстан Бүгін" - Өткен тәулікте Қазақстан Республикасында 342 қылмыс жасалып (криминалдық полиция желісі бойынша), оның 240-ы осы тәулік ішінде ашылған. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің ақпарат және қоғамдық байланыс орталығынан хабарлады.

Баспасөз орталығының ақпараттарына сүйенсек, республика бойынша 5 адам өлтіру, 5 қарақшылық, 25 тонау, 116 ұрлық және 16 есірткі қылмыстары жасалған. Сонымен қатар, 279 оқыс оқиға, соның ішінде 53 жол апаттары тіркеліп, 17 адам қайтыс болып, 82-сі жарақаттанған. Өткен тәулікте республика бойынша 27 өрт шыққан.

Баспасөз орталығының мәліметтеріне сүйенсек, Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында екі кісі өлтіру дерегі ізін суытпай ашылған. Сондай-ақ полицейлер Көкшетау мен Ақтөбеде, Ақтөбе облысының Байғанин ауданының Оймауыт аулында, Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданының Суық Бұлақ аулында бұрын жасалған кісі өлтіру қылмыстарының беті ашылғандығын хабарлауда.

Полицейлердің хабарлауынша, Семейде АІІБ криминалдық полиция қызметкерлері 10-қазанда кәсіпкердің 10 млн 600 мың теңгесін иемдену үшін қарақшылық шабуыл жасаған осы қаланың азаматын құрықтаған. Кәсіпкер пышақ жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны