17.10.2007, 16:07 3041

Қазақстанда бір тәулік ішінде 470 қылмыс жасалып, оның 346-сы ашылған

Қазақстанда бір тәулік ішінде 470 қылмыс жасалып, оның 346-сы ашылған.

Астана. 17-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда өткен тәулік ішінде криминалдық полиция желісі бойынша 470 қылмыс жасалып, оның 346 ашылған. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің ақпарат және қоғамдық байланыс орталығынан хабарлады.

Баспасөз орталығының ақпараттарына сүйенсек, республика бойынша 9 кісі өлтіру, 1 қарақшылық шабуыл, 40 тонау, 143 ұрлық және 33 есірткі қылмыстары жасалған. Сонымен қатар, 320 оқыс оқиға болған, олардың 49-ы жол-көлік апаты, соның салдарынан 11 адам қаза тауып, 56 адам жарақаттанған. Өткен тәулікте республикада 74 өрт болған.

Баспасөз орталығының мәліметтеріне сүйенсек, Өскемен мен Шымкенттің маңындағы "Қайнар бұлақ" бағбандық қоғамдастық аумағындағы екі кісі өлтіру қылмысын ізін суытпай ашқан.

Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігінің баспасөз орталығының хабарламасына сүйенсек, бұрындары жасалған екі кісі өлтіру қылмысының беті ашылған. Атап айтқанда, Ақтөбеде ішкі істер департаментінің криминалдық полициясы мен Сазды бөлімшесінің қызметкерлері Ақтөбе облысының тұрғынын ұстаған, ол мас күйінде кикілжің кезінде адамға пышақ салған, ол кейінірек ауруханада қайтыс болған. Петропавлда полицейлер елу төрт жастағы ер адамды өлтірген осы қаланың тұрғынын ұстаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны