09.02.2007, 15:19 2599

Қазақстанда бір жылдан кейін мектертерде 20 оқушыға бір компьютерден келетін болады - үкімет

АСТАНА. 9-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстанда бір жылдан кейін мектертерде 20 оқушыға бір компьютерден келетін болады. Бұл туралы үкіметтің 2007-2009-жылға арналған бағдарламасы туралы баяндамада айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"2008-жылы оқушыларды компьютермен қамтамасыз ету деңгейі 20 оқушыға шаққанда бір компьютерден келетін болады",- делінген құжатта. Сонымен бірге мультипликативті ақпараттық-коммуникациялық білім беру желісі қолданысқа енгізіледі.

Үкімет бұған қоса оқушылардың компьютерлік сауаттылығы деңгейін көтеруге, мектеп бағдарламасында математикалық және техникалық пәндердің иемденетін үлесін анағұрлым арттыруға, жалпы орта білім беретін мемлекеттік оқу орындарын физика, химия, лингафонды және мультимедиялық кабинеттермен жабдықтауға күш салмақшы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны