25.06.2013, 11:05 6794

Қазақстанда Бірыңғай астық холдингі құрылды

"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-да Бірыңғай астық холдингі шеңберінде бірлескен қызмет туралы шартқа қол қойылды. Осылай Бірыңғай астық холдингін құру жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары аяқталды", - делінген баспасөз қызметі мәлімдемесінде.

Астана. 25-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда Бірыңғай астық холдингі құрылды , деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингінде Бірыңғай астық холдингін құру туралы келісім-шартқа қол қойылды, деп хабарлады холдингтің баспасөз қызметі.

"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-да Бірыңғай астық холдингі шеңберінде бірлескен қызмет туралы шартқа қол қойылды. Осылай Бірыңғай астық холдингін құру жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары аяқталды", - делінген баспасөз қызметі мәлімдемесінде.

Шарт "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы мен "Қазақстан фермерлер одағы" республикалық қоғамдық бірлестігі арасында жасалды. Отандық астық өндірушілердің мүдделерін білдіретін қоғамдық бірлестік құжатты әзірлеушілердің бірі ретінде қызмет атқарды және Келісім-шартқа қол қойған астық нарығының алғашқы қатысушысы болды.

Құжатта көрсетілгендей, Бірыңғай астық холдингі келісім-шарттың қатысушыларына көктемгі егіс және жинау жұмыстарын қаржыландырудың басым қол жетімділігін, сондай-ақ күзгі кезеңде астықтың нарық бағасындағы кепілді өтімін қамтамасыз ету, астық сату және астық өндірушілері арасында кейіннен бөлу, және де астықты сақтау инфрақұрылымын және экспорттық ауыстырып тиеу бойынша объектілерді құру және дамыту үшін құрылады.

"Биылғы жылы қаңтарда басталған ұйымдастыру жұмыстары аяқталды. Ең алдымен, біздің серіктестеріміз - "Атамекен" ҰЭП, Фермерлер одағы, Ауыл шаруашылығы министрлігі, "ҚазАгро" холдингіне алғысымды білдіремін. Біз мәреге жеттік, шілде айынан бастап Бірлескен қызмет туралы шарттың қатысушыларының құрамын ұлғайту үшін өңірлерде түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады. Астық ресурстарын басқару жөніндегі шешімдерге ықпал ету үшін барынша жеткілікті құқықтары мен өкілеттіктері бар Астық нарығы жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды. Ірі астық нарығына қатысушының қызметінде алғаш рет қоғамдық қатысу элементі енгізіліп отыр", - деді құжатқа қол қою рәсімінің барысында "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Оспанов.

Қазақстан фермерлер одағының төрағасы Иуезхан Даринов өз кезегінде "Шартқа қол қою - бұл бірлескен үлкен жұмыстың басы ғана. Бұл күнге жету үшін бізге ұзақ уақыт керек болды, - деді. "Бұл тек қана біздің тауар өндірушілеріміз, фермерлеріміз үшін үлкен жетістік ғана емес, сонымен қатар үлкен жауапкершілік. Біз ынтымақтас болуға, сонымен қатар бұл жауапкершілікті өзімізге алуға дайынбыз, - деп атап кетті фермерлер қауымдастығының басшысы.

Белгілі болғандай, бірлескен қызмет туралы келісім-шарт 2012 жылдың 27 қаңтарынан Қазақстан Халқына жолдауында, сонымен бірге 2013 жылдың 23 қаңтарында ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында айтылған Мемлекет Басшысының Бірыңғай астық холдингін құру тапсырмасын орындау шеңберінде жасалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны