05.07.2011, 16:00 4223

Қазақстанда бизнеске әкімшілік қысым азаюда

Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, заң бизнеске әкімшілік қысым көрсетуді төмендету мақсатында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін нормативтік-құқықтық реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған".

Астана. 5 шілде. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңына қол қойды", деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, заң бизнеске әкімшілік қысым көрсетуді төмендету мақсатында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін нормативтік-құқықтық реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған".

Бұрын хабарланғандай, енгізілген түзетулерге сәйкес, тексерілетін субъектілерге талаптар заңдардың, ҚР президенті жарлықтарының және үкімет қаулыларының деңгейінде орнатылады.

Заңға түзетулер жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу процесінің мөлдірлігін арттыруға, барлық мүдделі тұлғалардың ақпараттық-құқықтық ресурстар, соның ішінде интернет-ресурстар арқылы нормативті құқықтық актілерге еркін қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны