29.01.2010, 17:48 3600

Қазақстанда "Бизнестің жол картасы - 2010" бағдарламасы жасалады

Қазақстанда "Бизнестің жол картасы - 2010" бағдарламасы жасалады

Астана. 29 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі "Бизнестің жол картасы - 2010" атты бюджеттік бағдарламаның жобасын жасауды тапсырды. Бұл туралы ол бүгін Қазақстан халқына арналған дәстүрлі жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Үкіметке 2010 жылдан бастап өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі біртұтас бюджеттік бағдарламаның жобасын жасап қолданысқа енгізуді тапсырамын. Оны "Бизнестің жол картасы - 2010" деп атауды ұсынамын. Бұл бағдарламаның мақсаты - өңірлерде жаңа кәсіпкерлік тапты дамыту есебінен тұрақты жұмыс орындарын құру. Ең алдымен шағын және орта бизнестің. Икімдер үлкен жұмыстар атқарып шығуы қажет, олар жаңа бизнес құра алатын жаңа адамдарды іздеп табуға тиіс", - деді Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл бағдарламаның қаржысы мынадай бағыттарда пайдаланылуға тиіс: несиелер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау, шағын және орта бизнестің несиелеріне жарым-жартылай кепілдік беру, бизнес жүргізуге сервистік қолдауға, мамандарды қайта дайындауға, кәсіби біліктілікті көтеруге, жастар тәжірибесіне, әлеуметтік жұмыс орындарына.

Бұған қоса президенттің айтуынша, "жеке инвестицияларды тартудағы аса зор әлеуетке мемлекет пен жеке меншік сектордың серіктестігі тетігі ие". "Біз Қазақстанда бұл тетікті іске қостық, бірақ ол таңдаулы әлемдік тәжірибеге сәйкес жетілдіруді талап етеді",- деді Н. Назарбаев.

"Үкіметке жылдың бірінші жартысында концессия туралы заңнамаға тисті өзгерістер енгізуді тапсырамын. Жобаларды қаржыландыру принциптерін енгізу мақсатында еліміздің заңнамасында айрықша заңдық мәртебесі бар арнаулы жобалық ұйымдарды құру мүмкіндіктерін қарастыру қажет", - деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны