21.04.2010, 18:36 3095

Қазақстанда болу ережесін бұзғаны үшін 3 мыңнан астам шетелдік азаматтар елден шығарылды - ІІМ

Қазақстанда болу ережесін бұзғаны үшін 3 мыңнан астам шетелдік азаматтар елден шығарылды - ІІМ

Астана. 21 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда болу ережесін бұзғаны үшін 3 мыңнан астам шетелдік азаматтар елден шығарылды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Жексенбі күні құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, Қазақстанға заңсыз келетін адамдарды анықтауға, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесуге бағытталған "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасы аяқталды. Операция нәтижесінде елімізде болу ережесін бұзғаны үшін шамамен 16 жарым мың шетелдік азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз кіргені, мерзімі аяқталғаннан кейін елімізден шығудан жалтарғаны және басқа да заң бұзушылықтар жасағаны үшін сот шешімдерімен 3 мыңнан астам шетелдік азаматтар елімізден шығарылды",- деді Қ.Жұманов.

"Жауапкершілікке тартылған шетелдіктердің ішінде 10 мыңнан астамы Өзбекстанның, шамамен 2 мыңы Қырғызстанның азаматтары. 5 жарым мыңнан астам шетелдік азаматтарға елімізде болу мерзімі қысқартылды (Өзбекстанның 3,5 мыңнан астам, Қырғызстанның 1200-ден астам)",- деді ол.

ІІМ мәліметінше, шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану ережесін бұзғаны үшін 394 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазақстанның 5 мыңға жуық азаматы өздері шақырған шетелдіктердің болу жағдайларын қамтамасыз етпегені үшін әкімшілік түрде жазаға тартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны