29.06.2009, 12:33 1647

Қазақстанда дағдарыстан кейін құрылыс саласы басымдықтардың қатарында қалуға тиіс - Назарбаев

Қазақстанда дағдарыстан кейін құрылыс саласы басымдықтардың қатарында қалуға тиіс - Назарбаев

Астана. 29 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда дағдарыстан кейін құрылыс саласы басымдықтардың қатарында қалуға тиіс. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан қала құрылысын салушылардың жыл сайынғы ҮІІІ форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Дағдарыстан кейінгі даму бағдарламасындағы басты бөлімдердің бірі отандық құрылыс материалдарының өндірісін кеңейту, ипотеканы қайта құрылымдау болмақ, яғни, құрылыс саласы мемлекеттің дамуының басты мақсаттарының бірі ретінде қала береді", - деді Н. Назарбаев.

Ол осы орайда "бүгінгі таңда қала құрылысы саласына айрықша үміт артылып отырғанын" атап өтті.

"Сыртқы әсемдік, қуат үнемдеу, жанға жайлылық, зиянсыз материалдарды пайдалану - бұлар басты мақсаттар", - деді мемлекет басшысы.

"Біз осындай материалдарды шығара, жаңа қалаларды сала аламыз. Басты бағдар - сапа мен ұзаққа төзімділік болуға тиіс", - деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны