12.09.2006, 18:09 3189

Қазақстанда "Дала қыраны-2006" оқу-жаттығулары өткізілуде

АСТАНА. 12-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстанда "Дала қыраны-2006" атты халықаралық антитеррорлық оқу-жаттығулары өткізілуде. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Оқу-жаттығуларға 500-ден астам әскери қатысуда. "Оқу-жаттығулар басқарушы органдардың заңсыз қарулы құрылымдарды жоюға бағытталған арнаулы жауынгерлік операцияларды жоспарлау, ұйымдастыру мен оларды өткізу тәртібіне қатысты біртұтас көзқарас қалыптастыруына, колициялық күштердің құрылымдарының таулы-далалы жерлердегі жауынгерлік машық-дағдысын арттыруға мүмкіндік береді",- деп хабарлайды министрлік.

Оқу-жаттығуларды Солтүстік Атлантикалық Альянстың Кавказ және Орталық Азия жөніндегі бас хатшысының арнаулы өкілі Роберт Симмонс, 42-бригаданың командирі Джонатан Дж. Пау мен АҚШ Орталық қолбасшылығы басшысының орынбасары С.Уиткомб тамашалайды деп күтілуде. Оқу-жаттығулар 22-қыркүйекте аяқталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны