06.09.2012, 13:52 3438

Қазақстанда "Дала қыраны-2012" оқу-жаттығулары басталды

Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінгі ашылу рәсімінде шараға қатысушы елдердің жалаулары көтерілді. Оқу-жаттығуларға Қазақстан, АҚШ, Ұлыбритания, тәжікстан, Қырғызстан, Литва, Германия, Швейцария, Италия, Франция мен Украина қатысып отыр.

Астана. 6-қыркүйек. Kazakhstan Today - Бейсенбі күні Алматы облысындағы "Іле" оқу орталығында халықаралық "Дала қыраны-2012" тактикалық бітімгершілік оқу-жаттығулары басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінгі ашылу рәсімінде шараға қатысушы елдердің жалаулары көтерілді. Оқу-жаттығуларға Қазақстан, АҚШ, Ұлыбритания, тәжікстан, Қырғызстан, Литва, Германия, Швейцария, Италия, Франция мен Украина қатысып отыр.

"Дала қыраны" - жоғары деңгейлі көп ұлтты оқу-жаттығу және алдағы уақытта да солай болып қана бермек. Ол халықаралық күштердің рұқсат етілмеген бітімгершілік операцияларды өткізу қабілеті мен әскери дайындығын ұштауға бағытталған", - деп салтанатты рәсімде Қазақстан Қорғаныс министрлігі штаб бастықтары комитеті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Жоламанов мәлім етті.

Министрлік мәліметтеріне қарағанда, оқу-жаттығуларға 1 жарым мыңға жуық әскери қызметкер қатысады. Оның арасында "Қазбат" бітімгерлік батальоны мен "Қазбриг" бітімгершілік бригадасы штабының жеке құрамы да бар.

"Дала қыраны-2012" қыркүйектің 21-іне дейін созылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны