10.09.2009, 11:48 1556

Қазақстанда "Дала қыраны -2009" атты халықаралық арнайы тактикалық бітімгерлік оқу-жаттығулары өтеді

Қазақстанда "Дала қыраны -2009" атты халықаралық арнайы тактикалық бітімгерлік оқу-жаттығулары өтеді

Астана. 10 қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінің "Іле" полигонында 14 қыркүйекте "Дала қыраны -2009" атты халықаралық арнайы тактикалық бітімгерлік оқу-жаттығу ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жаттығулар 26 қыркүйекке дейін жалғасады. Қорытынды кезеңі 22-24 қыркүйек күндері өтеді деп жоспарланған.

Аталмыш шараның ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі Иділбек Жақсыбеков, Қазақстан Республикасындағы АҚШ және Ұлыбританияның төтенше және өкілетті елшілері, НАТО штаб-пәтерінің өкілдері, елімізде тіркелген шетелдік әскери-дипломатиялық корпустың өкілдері қатысады деп күтілуде.

Бұл жаттығулар алдын-ала жасалынған әскери және әскери -техникалық қарым-қатынастар туралы келісімдер негізінде жоспарлы түрде ұйымдастырылып отыр.

Шраға төл әскеріміздің жауынгерлері мен қатарласа АҚШ және Ұлыбритания Қарулы күштерінің жасақтары да қатысады.

Жаттығулардың мақсаты бітімгершілік "Казбриг" жасағының арнайы операциялар жоспарлау және өткізу барысында бірлескен халықаралық күштер аясында үйлесімді қимыл көрсете білуін пысықтау болып табылады.

Жаттығу-ойындарға 1300-ден астам әскерилер, 100-ден астам әскери және арнайы техника тартылып отыр. Сондай-ақ, әскери-транспорттық авиация да бар.

"Дала қыраны -2009" жаттығуларының қорытындысы бойынша мамандар тобы "Казбриг" жеке құрамының кәсіби деңгейін бағалайтын болады.

Бұған дейін өткізілген жаттағуларға қатысқан шетелдік сарапшылар қазақстандық әскерилердің шеберлігі мен кәсібилігін жоғары бағалаған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны