13.09.2016, 18:42 3886

Қазақстанда Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасыныӊ мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Астана. 13 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасыныӊ мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Жарлық мәтінінде былай делінген:

"Қазақстан Республикасы Конституциясыныӊ 44-бабыныӊ 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаӊғырту және оныӊ тиімділігін арттыру мақсатында қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасыныӊ Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, оған:

Қазақстан Республикасыныӊ Мәдениет және спорт министрлігінен - діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл, діни сенім бостандығына азаматтардыӊ құқықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекет пен азаматтық сектордыӊ өзара іс-қимылы салаларындағы;

Қазақстан Республикасыныӊ Білім және ғылым министрлігінен - жастар саясаты саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, құрылсын.

2. Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі:

1) Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Икімшілігімен келісу бойынша қайта ұйымдастырылатын және құрылған мемлекеттік органдардыӊ штат санын қайта бөлуді;

2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

3. "Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентініӊ 1999 жылғы 22 қаӊтардағы № 6 Жарлығына мынадай толықтыру енгізілсін:

1-тармақта:

"Қазақстан Республикасыныӊ Білім және ғылым министрлігі;" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"Қазақстан Республикасыныӊ Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі;".

4. Осы Жарлықтыӊ орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентініӊ Икімшілігіне жүктелсін.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны