29.06.2017, 14:48 4374

Қазақстанда Дін саласындағы мемлекеттік саясаттыӊ тұжырымдамасы бекітілді

ҚР Президенті Н.Назарбаев Қазақстан Республикасыныӊ дін саласындағы мемлекеттік саясатыныӊ 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы 2017 жылғы 20 маусымдағы №500 Жарлыққа қол қойды.

Астана. 29 маусым. Kazakhstan Today - ҚР Президенті Н.Назарбаев Қазақстан Республикасыныӊ дін саласындағы мемлекеттік саясатыныӊ 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы 2017 жылғы 20 маусымдағы №500 Жарлыққа қол қойды.

Республикасыныӊ дін саласындағы мемлекеттік саясатыныӊ 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі әзірледі.

Тұжырымдаманыӊ негізгі мақсаты мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастарды жетілдіруге бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттыӊ тиімділігін арттыру, мемлекеттіӊ зайырлылық қағидаттарын нығайтуға және дінді деструктивті мақсатта пайдалануға жол бермеу болып табылады.

Тұжырымдамада дін саласындағы мемлекеттік саясаттыӊ дамуыныӊ үш негізге басымдықтары айқындалған.

Бірінші басымдық болып заӊнаманы жетілдіру мен мемлекеті және діни бірлестіктер арасындағы өзара іс-қимылды реттеу табылады.

Екінші -мемлекет дамуындағы зайырлық принциптерін нығайту. Құжатта "Мемлекеттіӊ зайырлы құрылысы - Қазақстан халқыныӊ маӊызды тарихи жетістігі", - делінген.

Тұжырымдама ар-ождан бостандығына және діни сеніміне деген азаматтардыӊ құқықтарын, діни бірлестіктердіӊ толымды қызмет атқаруын және ұлттық қауіпсіздікті, мемлекеттіӊ конституциялық негіздерін жоюға, халықтыӊ белгілі бір топтарыныӊ радикалдануына алып келетін деструктивті діни ағымдарға жол бермеуді қамтамасыз етеді.

Үшінші басымдық ретінде діни экстермизм мен деструктивті діни ағымдардыӊ іс-әрекетіне қарсы тұру жүйесін дамыту анықталған.

Терроризм мен діни экстремизмге қарсы күресте маӊызды рөлді деструктивті діни идеологияға азаматтардыӊ иммунитетін қалыптастыру ойнайды.

Бұл мақсатта ақапраттық-түсіндірме жұмыстарына үкіметтік емес ұйымдардыӊ өкілдерін, мәдениет және спорт қайраткерлерін белсенді атсалысуға тарту қарастырылған.

Аталған құжат дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардыӊ, азаматтық қоғам институттарыныӊ құзыреті мен жауапкершілік аясын нақтылайды.

Білім беру, мәдениет, спорт, БАҚ, денсаулық сақтау, отбасы және неке институттары сияқты барлық салаларда кешенді жұмыс жүргізу қарастырылған.

Көрсетілген басымдықтарды жүзеге асыру 2020 жылға дейін жүргізіледі, оныӊ нәтижесі ретінде қоғамдық санада зайырлық принциптерін нығайту, қоғамда діни қатынастар саласында радикалды және экстремистік көріністермен байланысты кез келген іс-қимылға мүлде төзбеушілікке қол жеткізу күтіледі.

Тұжырымдаманы іске асыру Қазақстан Республикасы Конституциясыныӊ негізгі құндылықтары мен қағидаттарын жаӊа геосаяси ахуал мен ұлттық қауіпсіздіктіӊ ішкі және сыртқы сын-тегеуріндеріне уақытылы ден қою тұрғысынан одан әрі жүзеге асыруға ықпал ететін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны