29.04.2009, 19:18 3579

Қазақстанда дінге сенушілердің құқығының бұзылуы туралы пайымдаулар негізсіз - Бас прокуратура

Қазақстанда дінге сенушілердің құқығының бұзылуы туралы пайымдаулар негізсіз - Бас прокуратура

Астана. 29 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда дінге сенушілердің құқығының бұзылуы туралы пайымдаулар негізсіз. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы бүгін таратқан мәлімдемеде айтылған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "соңғы уақытта бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасындағы дінге сенушілердің құқықтарының бұзылуы туралы жарияланымдар мен түсініктемелер берілуде.

Діни нанымы үшін жапа шекті-міс деген желеумен Чехия мен Словения елдеріне кеткен қазақстандық азаматтар туралы әңгімелер солардың бірі".

"Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасында дінге сенушілердің құқығының бұзылуы туралы пайымдаулардың негізсіз екенін мәлімдейді, сонымен қатар Чехия мен Словения елдеріндегі азаматтарымыздың Қазақстанға діни көзқарастары үшін қудалауға ұшыраймын деп қауіптенбей-ақ кедергісіз оралу мүмкіндіктері бар екенін мәлімдейді",- делінген онда.

Бас прокуратураның мәлімдеуінше, "бүгінде Қазақстандық конфессияаралық келісім, діни шыдамдылық пен төзімділік тәжірибесі әлемдік қауымдастыққа кеңінен танымал, сондықтан мұндай пайымдау жөнсіз".

"Қандай дінді ұстанатынына қарамастан, дінге сенушілердің құқығын қамтамтамасыз етуге Қазақстан Республикасының Конституцияның нормаларымен және заңдарымен кепілдік берілген, ол әркімнің дін ұстануы еркіндігін бекітіп, діни себептер мен кемсітушілікке жол бермейді".

Бас прокуратураның атап өткеніндей, елімізде барлығы 40 конфессияға жататын 4 мыңнан астам діни бірлестіктер мен шағын топтардың бейбіт қатар өмір сүріп отырғаны, Қазақстанның Елордасында Илемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезінің өткізілуі аталған конституциялық құқықтардың сақталып отырғанының айқын дәлелі.

"Қазақстаннан тыс, сонымен қатар Чехия мен Словенияға кеткен азаматтар, отанына оралғаннан кейін барлық конституциялық құқықтарын, сондай-ақ Қазақстан заңдарын сақтаған жағдайда дін ұстану құқығы мен еркіндігін, басқа да дін ұстанушылардың құқықтары мен еркіндіктерін толық дәрежеде пайдалана алатындығын атап көрсетеміз",- делінген мәлімдемеде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны