10.08.2018, 23:40 3654

Қазақстанда "Днепр" құрлықаралық баллистикалық зымыраныныӊ және "Протон-М" зымыран-тасығыштарыныӊ апаттан құлаған жерлері 10 жылдан астам уақыттан бері қадағалануда

Апатты жағдайда құлау болған жерлерде жыл сайын экологиялық мониторинг жүргізіледі. 2006 жылғы РС-20 "Днепр" құрлықаралық баллистикалық зымыраныныӊ және 2007 жылғы "Протон-М" зымыран-тасығышыныӊ апаттан құлаған жерлері 10 жылдан астам уақыттан бері қадағалануда.

Алматы. 10 тамыз. Kazakhstan Today - 2006 жылғы РС-20 "Днепр" құрлықаралық баллистикалық зымыраныныӊ және "Протон-М" зымыран-тасығыштарыныӊ апаттан құлаған жерлері 10 жылдан астам уақыттан бері қадағалануда. Апаттардыӊ зардабын жою жұмыстары оӊ нәтиже берді, бұл өӊірлердегі жағдайды экологтар тұрақты деп бағалауда. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне бірген сұхбатында "Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорныныӊ бас директоры Жайлаубай Жұбатов хабарлады.

"Апатты жағдайда құлау болған жерлерде жыл сайын экологиялық мониторинг жүргізіледі. 2006 жылғы РС-20 "Днепр" құрлықаралық баллистикалық зымыраныныӊ және 2007 жылғы "Протон-М" зымыран-тасығышыныӊ апаттан құлаған жерлері 10 жылдан астам уақыттан бері қадағалануда. Апат болған жерлерде зымыран отыныныӊ құрамдас бөлшектерімен және оныӊ трансформациялану өнімдерімен топырақтыӊ, судыӊ және өсімдіктердіӊ қалдық ластану деӊгейі, сондай-ақ, топырақ және өсімдік қабатыныӊ қалпына келу үдерістерініӊ динамикасы жыл сайын бағаланады. Бұдан бөлек, жапсарлас аумақтардағы елдімекендердегі тұрғындардыӊ денсаулығы мен өмір сүру сапасы, топырақ, су және өсімдіктердіӊ жағдайы қадағаланады",- деді орталық директоры.

Ол сондай-ақ, 2013 жылдыӊ 2 шілдесінде "Протон-М" зымыран-тасығышыныӊ ұшырылымы кезінде апат болып, зымыран тасығыш "Байқоӊыр" ғарыш айлағы орналасқан аймаққа құлағанын еске салды.

"Сол кезде "Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны зерттеу жұмыстарына және апаттыӊ зардаптарын жоюға қатысты. 2013 жылғы апаттыӊ салдарларын жоюда біздіӊ кәсіпорын мамандары әзірлеген құрамдастырылған технология пайдаланылды, ол гептилмен ластанған топырақты уытсыздандыруда өз тиімділігін көрсетті",- деді ол.

Зымырын тасығыштардыӊ ұшырылымдары барлық кезеӊдерде бақыланады. Зымыран тасығыштыӊ бөлінетін бөлшектері құлайды деп белгіленген аймақта Ресей тарапыныӊ да ("Машиностроение" ғылыми-өндірістік бірлестігі Искери-өнеркәсіптік корпорациясы" Акционерлік қоғамыныӊ №1 базасы), сол секілді, Қазақстан тарапыныӊ ("Ғарыш-Экология" Ғылыми-зерттеу орталығы Республикалық мемлекеттік кәсіпорныныӊ мамандары) топтары да жұмыс істейді. Жаз мезгілінде өсімдіктіӊ өртенуіне жол бермеу мақсатында өрт қауіпсіздігін күшейту шаралары қолданылады. Құлау аймағында қоршаған ортадан бірлесе сынама алынады. Топырақ сынамасына зымыран отыныныӊ құрамдас бөліктерініӊ және трансформациялану өнімдерініӊ болуына қатысты талданады. Ауада азот диоксиді, күкірт диоксиді, НДМГ, көміртегі оксиді, азот оксиді, азот диоксиді, қаныққан көмірсутектердіӊ бар-жоғы тексеріледі,- деді Жұбатов.

Оныӊ айтуынша, зымыран тасығыштардыӊ бөлінетін бөлшектерініӊ қалыпты ұшырылым кезінде құлаған және апатты жағдайда құлаған жерлерінен қоршаған орта нысандарынан зымыран отыныныӊ құрамдас бөліктері шектелген шамаден артық мөлшерде табылған жағдайда уытсыздандыру шаралары жүргізіледі және ластану деӊгейі қауіпсіз көрсеткішке жеткенше бақылауда болады. Ластанған топырақты уытсыздандыру іс-шараларын Ресей тарапы жүргізеді.

Осы орайда ол атап өткендей, бактарына отынныӊ ауқымды кепілді қоры құйылатын "Протон-К" зымыран тасығышы 2012 жылы отын барынша толық жануға ұшырайтын "Протон-М" зымыран тасығышыныӊ модернизацияланған нұсқасына ауыстырылды. Соныӊ нәтижесінде зымыран тасығыштыӊ пайдаланылған бірінші сатылары құлайтын жерлердегі қалдық отынныӊ әсері азая түсті.

Сонымен қатар, "Байқоӊыр" ғарыш айлағынан гептил зымыран отынымен жұмыс істейтін зымыран тысығыштардыӊ ұшырылымдарыныӊ санын азайту жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Атап айтқанда, 2008 жылдан бастап - "Циклон-2" зымыран тасығышы; 2011 жылдан бастап - РС-20 құрлықаралық баллистикалық зымыраны; 2014 жылдан бастап - РС-18 құрлықаралық баллистикалық зымыраны секілді гептилмен жұмыс істейтін зымыран түрлерініӊ ұшырылымдары доғарылып, олар Ресей ғарыш айлақтарына ауыстырылды.

"Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясыныӊ "Байқоӊыр" кешені бойынша шешіміне сәйкес 2014 жылы "Протон-М" зымыран тасығыштарыныӊ ұшырылымдарын кезеӊ-кезеӊмен қысқарту және оларды улылығы аз отынмен жұмыс істейтін зымыран тасығыштармен алмастыру және 2026 жылға таман "Протон-М" зымыран тасығыштарыныӊ ұшырылымдарын біржола тоқтату туралы уағдаластық жасалды, бұл Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаға түсетін экологиялық жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді. Мәселен, 2015 жылы "Байқоӊыр" ғарыш айлағынан "Протон-М" зымыран тасығыштарыныӊ 8 ұшырылымы, 2016 жылы - 3; 2017 жылы - 4 ұшырылымы жасалса, 2018 жылы әзірге бір ғана ұшырылым жүзеге асырылды",- деді Жұбатов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны