14.05.2014, 22:01 3094

Қазақстанда дуалды білім беру жүйесіне әлеуетті жұмыс берушілер қосылуда

Қазақстанда дуалды білім беру жүйесіне әлеуетті жұмыс берушілер қосылуда, олар студенттерге іс-тәжірибеден өту орындарын ұсынуда, деп Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Гүлмира Исинбаева мәлімдеді.

Алматы. 14 мамыр. Kazakhstan today. Қазақстанда дуалды білім беру жүйесіне әлеуетті жұмыс берушілер қосылуда, олар студенттерге іс-тәжірибеден өту орындарын ұсынуда, деп Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Гүлмира Исинбаева мәлімдеді.

"Қазір пилоттық жоба жүруде, жұмыс берушілермен стандарттар дайындалып, әрбір мамандық бойынша оқыту бағдарламасы мен жоспарлар дайындалуда. Мемлекет басшысы қойған ең басты тапсырмалардың бірі техникалық мамандыққа оқыту мен тәжірибелер санын көбейту", - деді Г. Исинбаева.

Депутаттың айтуынша, бұл үрдіске әлеуетті жұмыс берушілер қосылуда.

"Мәселен, бірінші курста өнідірісте 40 пайыз тәжірибеге ие болып отыр дейік, екінші курста 60 пайыз, үшінші курста тәжірибе 100 пайызды құрауы керек. Бұл бағытта қазір жұмыстар жүргізілуде. Бірақ, нақтыланған нәтиже бар деп айту қиын", - деді ол.

Депутат бүгінде техникалық және кәсіптік ұйымдардың мамандары алып отырған бағытқа ауысу маңызды екенін атап өтті,оған қоса әрекеттер нық болуы керек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны