04.07.2018, 14:40 3900

Қазақстанда екі миллионнан астам зейнеткердіӊ базалық зейнетақысы өсті

Егер адамныӊ жұмыс өтілі болмаса немесе 10 жылдан кем болса, базалық зейнетақыныӊ мөлшері еӊ төменгі күнкөріс деӊгейініӊ 54% пайызын құрайды.10 жылдан асқан әр жылдыӊ жұмыс өтілі үшін базалық зейнетақы 2 пайызға өседі. Мысалы, 20 жылдық қатысу өтілі болса, базалық зейнетақы көлемі еӊ төменгі күнкөріс деӊгейініӊ 74 пайызын, 30 жылдық қатысу өтілі - 94 пайызды құрайды. Егер қатысу өтілі 33 жыл және одан да артық болса, базалық зейнетақы еӊ төменгі күнкөріс деӊгейініӊ 100 пайызын, яғни 28 284 теӊгені құрайды.

Астана. 4 шілде. Kazakhstan Today - Биыл 1 шілдеден бастап Қазақстанда базалық төлемдерді есептеу әдісі өзгерді.Базалық зейнетақы азаматтар жалпы белгіленген зейнеткерлік жасқа толған уақыттан бастап қана тағайындалады. Бұл өзгерістер зейнеткерлікке жаӊадан және бұрын шыққан тұлғаларды қамтиды.

Бұған дейін Қазақстанда мемлекеттік базалық зейнетақы төлемініӊ мөлшері 15 274 (еӊ төменгі күнкөріс деӊгейініӊ 54%) теӊгені құраған еді. Бұл төлемақыныӊ көлемі еӊбек өтіліне қарамастан, барлық зейнеткерлер үшін бірдей болатын.

2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы көлемізейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қарай қайта есептеле бастады. Есептеу барысында тұлғаныӊ 1998 жылғы 1 шілдеге дейінгі ынтымақты зейнетақы өтілі мен содан кейінгі жинақталған өтілі ескерілуде.

Егер адамныӊ жұмыс өтілі болмаса немесе 10 жылдан кем болса, базалық зейнетақыныӊ мөлшері еӊ төменгі күнкөріс деӊгейініӊ 54% пайызын құрайды.10 жылдан асқан әр жылдыӊ жұмыс өтілі үшін базалық зейнетақы 2 пайызға өседі. Мысалы, 20 жылдық қатысу өтілі болса, базалық зейнетақы көлемі еӊ төменгі күнкөріс деӊгейініӊ 74 пайызын, 30 жылдық қатысу өтілі - 94 пайызды құрайды. Егер қатысу өтілі 33 жыл және одан да артық болса, базалық зейнетақы еӊ төменгі күнкөріс деӊгейініӊ 100 пайызын, яғни 28 284 теӊгені құрайды.

Зейнетақы өтіліне ынтымақты жүйеде атқарған еӊбек өтілі (1998 жылғы 1 қаӊтарға дейін),міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) төленген кезеӊді қамтитын жинақтаушы өтілі, 3 жасқа дейінгі бала күтімі, бала кезінен мүмкіндігі шектеулі тұлғаныӊ 16 жасқа дейінгі күтімі, әскери қызметтегі, арнайы мемлекеттік органдағы, дипломатиялық жұмыстағы жұбайымен бірге тұрған кезеӊ және т.б. кіреді.

Айта кету керек, мемлекеттік базалық зейнетақыны қайта есептеу процесі автоматты түрде жүргізіледі, сондықтан зейнеткерлерге ешқайда жүгінудіӊ немесе құжат тапсырудыӊ қажеті жоқ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны