08.06.2009, 10:52 1575

Қазақстанда экономиканың өсуі байқалуда - Назарбаев

Қазақстанда экономиканың өсуі байқалуда - Назарбаев

Астана. 8 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда экономиканың өсуі байқалуда. Бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін дағдарысқа қарсы шаралардың жүзеге асырылуы бойынша өткен кеңесте мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Экономиканың қарқыны нашарлап бара жатқан жоқ, жақсара түсуде. Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша еліміз экономикасының өсім қарқынын құлдыратып алмауға жол бермеудің, экономиканы қалпына келтірудің мүмкіндігі туды. Қазір біз мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындап отырмыз. Бұл - дағдарыс жағдайындағы үлкен жетістік", - деді Н. Назарбаев.

"Үкімет дағдарысқа қарсы шараларды орындау барысында ауқымды іс тындырыуда. Соның арқасында мемлекет бөлген қаржы негізінен тиісті жеріне жетті. Еліміздің қаржы секторы негізінен тұрақтанды, шағын және орта бизнес өзіне арналған қаржыны алды", - деді мемлекет басшысы.

Сонымен қатар ол биыл агроөнеркәсіптік кешенге шұғыл көмек көрсетудің арқасында "еліміз өткен жылғыдан миллион гектарға артық егін еккенін" атап өтті. "Енді біз егін орағына үлкен дайындықпен келуіміз керек", - деді президент.

Сонымен бірге Елбасы "кемшіліктер де байқалмай қалмағанын" атап көрсетті. "Атап айтсақ, бөлінген қаржыны игеру мен оған бақылау қоюда кемшіліктер болды", - деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны