09.06.2009, 14:11 1648

Қазақстанда елдің әскери бюджетінің ахуалы туралы мәліметтер келтірілген Ақ кітап құрастырылады

Қазақстанда елдің әскери бюджетінің ахуалы туралы мәліметтер келтірілген Ақ кітап құрастырылады

Астана. 9 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда елдің әскери бюджетінің ахуалы туралы мәліметтер келтірілген Ақ кітап құрастырылады. Бұл туралы бүгін "Қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөнінде "Ақ кітапты" әзірлеудің халықаралық практикасы мен тәжірибесі: ортақтығы, ерекшеліктері және қазіргі үрдістері" тақырыбына дөңгелек үстелде "Искери стратегиялық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамының президенті Сергей Федосеев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Аталған шараны өткізудің қажеттілігі мен өзектілігі Қазақстан Республикасының халықаралық тәжірибе негізінде Еуразия құрлығында бейбітшілік, өзара сенім және қауіпсіздікті қамтамасыз ету тетіктерінің элементтерін қалыптастыруға ұмтылуына байланысты болып отыр.

Дөңгелек үстел қорғаныс және сыртқы саясаттың негізгі бағыт-бағдарларын сырт әлемге дұрыс түсіндіруге себепші болатын жариялылық құралы есебінде "Ақ кітаптың" рөлі мен маңызын айқындауға байланысты мәселелерді қамтыды.

Дөңгелек үстел жұмысына әскери дипломатиялық корпус, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі құрамдас бөлімдерінің командалық құрамы және өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері, жетекші ғалымдар мен сарапшылар қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны