21.04.2014, 21:32 4129

Қазақстанда электрондық қалдықтарды басқару жобасы іске қосылды

""Электрондық қалдықтарды басқару" жобасының мақсаты - электронды қалдықтарды басқару механизмін жасақтау. Атап айтатын болсақ, мобильді телефондар саласында қалдықтарды басқару және оларды қауіпсіз кәдеге жарату мәселесін шешу.

Алматы. 21 сәуір. Kazakhstan today. Электрондық қалдықтарды қайта қауіпсіз кәдеге жарату мәселесін шешу үшін БҰҰ-ның Даму бағдарламасы ҚР Қоршаған орта және су ресуртстары министрлігінің қолдауымен электрондық қалдықтарды басқару жобасын ұсынды.

""Электрондық қалдықтарды басқару" жобасының мақсаты - электронды қалдықтарды басқару механизмін жасақтау. Атап айтатын болсақ, мобильді телефондар саласында қалдықтарды басқару және оларды қауіпсіз кәдеге жарату мәселесін шешу.

Қазақстанда ескірген және жарамсыз болып қалған қалдықтардың барлығы полигондар мен қоқыс үйіндіреліне жіберіледі. Алайда, Астананы есепке алмағанда еліміздегі бірде-бір ҚТҚ жәшігі санитарлық және сақтау бойынша экологиялық талаптарға сай келмейді. Яғни, ауыр металдар мен олардың құрамындғы таксинди қалдықтар су мен ауаға және жерге сіну арқылы қоршаған ортаға ғана емес, халықтың денсаулығына да зиянын келтіруде", - деп ведомсвто басшысы атап өтті.

Сонымен, статистикаға сәйкес, Қазақстанға 2000 және 2010 жылдар аралығында 3 млн. жуық жеке компьютерлер алып келінді. Бүгінде олардың жартысынан көбі электронды қоқысқа айналды.

Жоба шеңберінде электронды қалдықтарды жинау және кәдеге жарату бойынша сызбасын жасақтау, электронды техниканы сату орындарында ұялы телефондарды жинау эко -бокстарды орнату, халықты электронды қалдықтардың зияны және оларды кәдеге жарату жолдары туралы ақпараттық компанияларды өткізу жоспарлануда.

Бұдан басқа, инвестиция тарту механизмін жасақтау және мемлекеттік-жеке серіктестік арқылы инвестиция тарту мезханизмі жасақталады деп күтілуде.

Жалпы, ведомствоның мәліметі бойынша, елімізде бір жылда компьютерлер санының артуы 26%, ал ұялы телефондар көлемі 120 мыңнан 140 мың дананы құрады.

Сонымен қатар, соңғы 20 жылда "электронды қоқыстардың" көлемі - компьютерлер, мобильді телефондар, мониторлар, телевизорлар, принтерлер мен басқада мүмкін электронды заттардың қалдығы 10 есе өсті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны