20.12.2006, 15:59 2934

Қазақстанда электрондық қол қоюдың көмегімен 6,5 мыңнан астам құжатқа қол қойылды - "Ұлттық ақпараттық технология" АҚ

АСТАНА. 20-желтоқсан. Kazakhstan Today. Қазіргі уақытта Қазақстанда электрондық қол қоюдың көмегімен 6,5 мыңнан астам құжатқа қол қойылды. Бұл туралы бүгін "Ұлттық ақпараттық технология" АҚ вице-президенті Асхат Оразбек баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

А. Оразбек мемлекеттік органдар арасындағы ведомствоаралық электрондық құжат айналымы "Электронды үкімет" құру жобасы аясында енгізілетіндігін еске сала кетті. Оның мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі уақытта 37 мемлекеттік орган ведомствоаралық электрондық құжат айналымының мүшесі болып табылады.

Сонымен қатар, ҰАТ АҚ вице-президенті үстіміздегі жылдың аяғына дейін электрондық лицензиялау жүйесін әзірлеу жобасы аясында радиожиіліктерді пайдалануға рұқсат беру және телекомуникация саласындағы кәсіпкерлік қызметті лицензиялау саласындағы он бір қызмет түрі "электронды үкіметтің" веб-порталына шығарылатынын хабарлады. Оның айтуынша, қазір бұл жүйе тәжірибе жүзінде қолданылуда.

ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігінің ақпараттандыру департаментінің директоры Исия Жайлаубаева үкіметтің үстіміздегі жылдың қазан айының ортасында бекіткен ақпараттық теңсіздікті төмендету жөніндегі бағдарлама аясында еліміздің түрлі аймақтарында 11 компьютерлік сыныптың ашылғандығын, онда 500-дей адамның білім алғандығын хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны