13.05.2014, 20:58 3337

Қазақстанда еліміздің су аймағын қолдану мерзімі ашылды

Маусымның ашылуы ауа райына байланысты кеме жүзу бөлігінде 1 сәуір мен 12 мамыр аралығында жүзеге асырылады, оның орташа ұзындығы 196 тәулікті құрайды. Қазіргі таңда Қазақстанның су жолдары кеме жүзуге дайын.

Алматы. 12 мамыр. Kazakhstan today. Қазақстанда еліміздің су аймағын қолдану мерзімі ашылды. Оны ашу алдында Көлік және коммуникация министрлігі техникалық флотты маусымаралық жөндеуден, сонымен бірге 3 мыңнан астам қалқымалы және жағадағы белгілерді жөндеуден өткізді.

Бүгінгі таңда жалпы ұзақтығы 2 321 шақырым Орал-Каспий және Іле-Балқаш бассейндердің су жолдары учаскелерінде және ұзындығы 923,5 шақырым Ертіс өзенінің Шульба су қоймасы - Клин кенті бөлігінде жүзу маусымы ашылды, деп ККМ-нен хабарлады.

Қазақстанда кеме жүзу жалпы ұзақтығы 4 мың шақырымнан астам Ертіс, Орал-Каспий және Іле-Балқаш бассейндердің су жолдары бөлігінде жүзеге асырылатынын атап өткен жөн.

Маусымның ашылуы ауа райына байланысты кеме жүзу бөлігінде 1 сәуір мен 12 мамыр аралығында жүзеге асырылады, оның орташа ұзындығы 196 тәулікті құрайды. Қазіргі таңда Қазақстанның су жолдары кеме жүзуге дайын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны