19.05.2009, 11:53 1219

Қазақстанда есірткі тасымалымен күресу үшін "Оңтүстік" және "Орталық" атты арнаулы басқармалар құрылады

Қазақстанда есірткі тасымалымен күресу үшін "Оңтүстік" және "Орталық" атты арнаулы басқармалар құрылады

Астана. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда есірткі тасымалымен күресу үшін "Оңтүстік" және "Орталық" атты арнаулы басқармалар құрылады. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

С. Баймағанбетовтың хабарлауынша, бүгін бекітілген бағдарламаның аясында есірткі тасымалымен күресу үшін Шымкент пен Қарағандыда орналасатын "Оңтүстік" және "Орталық" атты арнаулы басқармалар құрылады.

Сонымен бірге, оның айтуынша, "марихуана мен гашиш дайындаумен күрес мақсатында "Көкнәр" іс-шарасының аясындағы шараларды күшейту көзделуде. Жамбыл облысына мамыр мен қазан айлары аралығында басқа өңірлерден ішкі істер органдарының қызметкерлері кезекшілік тәсілмен жіберіліп отыратын болады".

Министрдің айтуынша, үш жылда осындай іссапар шығындарына 187 млн теңге, шамамен жыл сайын 60 млн теңге қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны