26.11.2012, 18:49 2986

Қазақстанда EXPO-2017 көрмесін өткізу үшін мемлекеттік корпорация құрылады

"EXPO көрмесін өткізуге дайындық барысындағы келесі қадам еліміздің сәйкес ведомстволарының қатысуымен мемлекеттік корпорация құру ісі болмақ",-деді Р.Жошыбаев өз сөзінде.

Астана. 26-қараша. Kazakhstan Today - Астанада EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізу үшін Қазақстанда мемлекеттік корпорация құрылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаев.

"EXPO көрмесін өткізуге дайындық барысындағы келесі қадам еліміздің сәйкес ведомстволарының қатысуымен мемлекеттік корпорация құру ісі болмақ",-деді Р.Жошыбаев өз сөзінде.

Оның айтуынша, осы орайда алдағы жылдың қаңтарында барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен кеңейтілген кеңес өткізу жоспарланып отыр.

Жошыбаев сондай-ақ, көрме өтетін орынды дайындауға және инфрақұрылымдар мен коммуникациялар салуға бюджеттен 250 млн. еуро бөлінетінін атап өтті. Оған қоса, павильондар, қонақүйлер мен т.б. нысандардың құрылысына 1 млрд. евро қаржы тарту жоспарлануда.

"Бұл дүниежүзінде ЕХРО көрмесін өткізуге орта есеппен кететін сома", - деді жауапты хатшы өз сөзінде.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның астанасы Орталық-Азия өңірі мен ТМД елдері бойынша Халықаралық ЕХРО-2017 көрмесі өтетін бірінші қала болады.

EXPO-2017 өткізу құқығына Астана мен Льеж үміткер болған. Бельгия "Адамдарды біріктіру" тақырыбын ұсынды. Қазақстан елордасының өтінімі "Келешек энергиясы" деп аталып, энергияның баламалы көздеріне және "жасыл" технологияға арналған.

Көрме 2017 жылы жазда үш ай бойы өтетін болады. Астанаға келушілерсаны 5 млн дейін жетеді деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны