06.04.2007, 11:03 1517

Қазақстанда фильтрлі темекілердің бөлшек саудасына ең төменгі баға белгіленді

АЛМАТЫ. 6 сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстанда үкімет қаулысымен фильтрлі темекілердің бөлшек саудасына ең төменгі баға белгіленді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігі ресми БАҚ сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қаулыға ҚР премьер министрі К.Мәсімов 2007 жылы 4 сәуірде қол қойған. Бұл ҚР 2003 жылы 12 маусымдағы "Темекі өнімдерінің өндірісіне және сауда айналымын мемлекеттік реттеу" туралы заңына сәйкес шығарылған қаулы".

Қаулы мәтініне сәйкес республикада фильтрлі темекілердің бөлшектік саудасына /қорап/ 45-тен 85 миллиметрге дейін және осы өлшемнен 1 миллиметрге дейін сәл ауытқыған түрлер 40 теңге, ал ұзындығы 87,1-ден 160 миллиметр өлшемдегілер 50 теңге болып ең төменгі баға белгіленді.

"Бұл қаулы күшіне бірінші ресми түрде жарияланған күннен 20 күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді",-деп көрсетілген құжатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны