18.02.2011, 18:30 3898

Қазақстанда ғалымдардың мәртебесі мен еңбек ақылары көтерілетін болады

Қазақстанда ғалымдардың мәртебесі мен еңбек ақылары көтерілетін болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 18- ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанда ғалымдардың мәртебесі мен еңбек ақылары көтерілетін болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар заңнамалық актілерді "Ғылым туралы" Заңға сәйкес келтіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының ғылым мәселелері жөніндегі бірқатар заңнамалық актілерге өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы" Заңға қол қойған.

Бұрын хабарлағанымыздай, заң ғылым және ғылыми техникалық қызмет саласындағы қатынастарды реттеуге, еліміздің ұлттық ғылыми жүйесін қалыптастыру мен дамытудың негізгі қағидалары мен механизмдерін анықтауға бағытталған.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны