18.04.2013, 10:49 2859

Қазақстанда геологиялық барлауға салынатын қосымша құн салығы алынып тасталуы ықтимал

Қазақстан индустрия және жаңа технологиялар министрлігі геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде қосымша құн салығы алынып тасталатын болар деп санайды, деді ведомствоның геология және жер қойнауын барлау комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев.

Астана. 18-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда геологиялық барлауға салынатын қосымша құн салығы алынып тасталуы ықтимал, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан индустрия және жаңа технологиялар министрлігі геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде қосымша құн салығы алынып тасталатын болар деп санайды, деді ведомствоның геология және жер қойнауын барлау комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев.

"Үкіметтің отырысында геологиялық барлау үшін қосымша құн салығын алып тастау туралы алдын-ала шешілді. Қазір салалық бағдарлама әзірлеп жатырмыз, бәрін толықтай көрсетеміз, 1-маусымға дейін оны үкіметтің қарауына ұсынамыз", деді ол Астанада бейсенбіде журналистерге MINEX IV тау кен өнеркәсібі форумында.

Б.Нұрабаев атап өткендей, бұл мәселе қаржы министрлігі тарапынан да қолдау тапқан. Қазіргі уақытта Қазақстанда қосымша құн салығы 12 пайызды құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны