13.10.2006, 13:51 3520

Қазақстанда ғылым қоры құрылады

АЛМАТЫ. 13-қазан. Kazakhstan Today. Қазақстанда ғылым қоры құрылады. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев хабарлады.

"Тәжірибелік-конструкторлық жобаларды үйлестіру мен қаржыландыру үшін 100 процент мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғам - ғылым қоры құрылады",- деді Н.Назарбаев республиканың Ұлттық ғылым академиясының 60 жылдық мерейтойына арналған жиында. Президенттің айтуынша, "қор тәжірибелік-конструкторлық жобаларды қаржыланддыру мен мониторинг жүргізумен шұғылданады".

Президенттің айтуынша, 2007-жылы ғылыми-техникалық қызметті грат түрінде қаржыландыруға 2 млрд. теңге қарастырылған. Бұл қаржы еліміздегі ғылымды қаржыландыру сомасының оннан бір бөлігін құрайды, деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны