15.12.2006, 18:44 3009

Қазақстанда ғылым саласын қаржыландыру 25 есеге өседі - ҚР президенті

АСТАНА. 15-желтоқсан. Kazakhstan Today. Ғылым саласын қаржыландыру 25 есеге өседі. Бұл туралы тәуелсіздіктің 15 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөз алған ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз жалпы ғылым саласын қаржыландыруды 25 есеге өсіруді алға қойып отырмыз. 2012-жылы ғылым саласына құйылатын жылдық қаржы көлемі 350 млрд. теңгені құрайтын болады. Бұл Жалпы ішкі өнім көлемінің 5 пайызындай", - деді Н.Назарбаев.

Сонымен қатар, оның сөзіне сүйенсек "қазіргі уақытта 2007-2012 жылдарға арналған Ғғлымды дамытудың бағдарламасы әзірленуде". Аталған бағдарламаның басты мақсаты "ғылым саласын Қазақстанды әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіруді қамтамасыз ететін сапалық жоғары деңгейге көтеру" болып табылмақ.

"Біз жетістік пен дамудың ерекше сенімді формуласын таптық, яғни тұрақтылықтан модернизациялау арқылы гүлденуге жету", - деп атап көрсетті Қазақстан президенті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны