11.04.2014, 19:48 3614

Қазақстанда ғылымды басқарудың жаңа моделі іске қосылды - БҒМ

ҚР Білім және ғылым министрінің хабарлауынша, соңғы жылдары Қазақстанда ғылымды қаржыландырудың жаңа механизмдері мен ғылымды басқарудың принципиалды жаңа моделдері жұмыс істей бастады: 2011 жылы ғылымды қаржыландыруға 26,9 млрд теңге бөлінсе, 2012 жылы 46,6 млрд теңге, ал 2013 жылы бұл көрсеткіш 52,9 млрд теңгеге жетті.

Алматы. 11 сәуір. Kazakhstan today. 12 сәуірде Қазақстанның ғылыми көпшілігі өздерінің кәсіби мерекелері - ғылым қызметкерлері күнін атап өтеді. Білім және ғылым министрлігі 2014 жылдың 11-12 сәуірінде Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету және "Қазақстан-2050" Стратегиясы шеңберінде ғылымның ары қарай даму болашағын анықтау үшін республиканың ғылыми саласын дамытудың күн тәртібіндегі мәселелерін талқылауға бағытталған бірқатар шараларды өткізеді.

"Қазақстан жолы-2050": Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" Жолдауында Мемлекет басшысы ҚР-ның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену бойынша нақты міндеттемелерін айқындады. Осы процеске Қазақстан ғылымы да өз үлесін қосуы тиіс.

"Ғылыми экономикан құру - бәрінен бұрын қазақстандық ғылымның әлеуетін арттыру болып табылды", - деген болатын ел Президенті Н.Назарбаев.

ҚР ғылыми қызметкерлер күні біртуар оқымысты-геолог, Қазақстандағы металлогений ғылыми мектебінің негізін қалаушы, ірі бай кен орындарының көзін тапқан Қазақстанның ірі ғылыми ұйымдастырушысы - 1946 жылы құрылған Қазақ ССР ғылым академиясының тұңғыш президенті, республикадағы көптеген ғылым бағыттарының негізін қалаушы Қаныш Имантайұлы Сатпаевтың туған күніне орайластырылған. Биыл ол кісінің туылғанына тура 115 жыл толып отыр.

ҚР Білім және ғылым министрінің хабарлауынша, соңғы жылдары Қазақстанда ғылымды қаржыландырудың жаңа механизмдері мен ғылымды басқарудың принципиалды жаңа моделдері жұмыс істей бастады: 2011 жылы ғылымды қаржыландыруға 26,9 млрд теңге бөлінсе, 2012 жылы 46,6 млрд теңге, ал 2013 жылы бұл көрсеткіш 52,9 млрд теңгеге жетті.

Ғылыми жобаларды байқаулық іріктеудің жаңа жүйесі енгізілді: Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама үлттық орталығы мен бес Ұлттық ғылыми кеңес өткізетін тәуелсіз сараптама жүйесі.

Илемдік ақпараттық ресурстарға - Тhomson Reuters (АҚШ), Springer (Германия), Elsevier (Нидерланды) базаларына қол жеткізілді. Халықаралық рейтингтік басылымдарда ғалымдардың белсенділіктері айтарлықтай өсіп келе жатқаны байқалады: 2011 жылы 894, 2012 жылы 1405, 2013 жылы 1874 еңбек.

ЖОО-ның ғылыми жүйелерге қатысуы кеңейтілді - олардың ғылыми жұмыстарды орындаудағы қатысу үлесі 67%-ға дейін артты. 2011-2013жылдары ЖОО-да 541 ғылыми-зерттеу бөлімдері құрылды.

Екіжақты негізде ғылыми-техникалық әріптестік дамуда - Ұлыбритания, АҚШ, ҚХР, Корея, Жапония, Мысыр, Германия, Италия, Франция, Польша, Ресей, Украинамен ғылым мен техника саласында 30 шақты келіссөз түзілді.

Ірі жетістіктері үшін қазақстандық ғалымдар ғылым мен техника саласында Мемлекеттік сыйақымен, арнайы сыйақылармен марапатталып, ірі ғалымдар мен дарынды жас оқымыстылар үшін стипендия бөлінеді, Президенттің "Болашақ" стипендиясы аясында ғылыми тәжірибелік оқытудан өту мүмкіндігіне ие болады.

Қазіргі таңда ҚР Президентінің тапсырмасына сай ғылыми жаңалық ашу мен инновация енгізугені үшін ғалымдарға әл-Фараби атындағы жаңа Мемлекеттік сыйлық беруді бекіту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны