03.07.2017, 13:44 4477

Қазақстанда халық және жануарлар арасында обамен ауыру жағдайлары тіркелген жоқ

Қазақстанныӊ оӊтүстік және батыс өӊірлерінде, оныӊ ішінде Қызылорда облысында оба бойынша табиғи-ошақтық болып табылатын аумақтар бар. Аталған аумақтарды республиканыӊ обаға қарсы 9 күрес станциясы зерттеп-қарайды.

Астана. 3 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан халқы арасында, атап айтқанда Қызылорда облысында обамен ауыру жағдайлары тіркелген жоқ.

Қазақстанныӊ оӊтүстік және батыс өӊірлерінде, оныӊ ішінде Қызылорда облысында оба бойынша табиғи-ошақтық болып табылатын аумақтар бар. Аталған аумақтарды республиканыӊ обаға қарсы 9 күрес станциясы зерттеп-қарайды.

Жыл сайын адамдардыӊ обамен ауыруыныӊ алдын алу мақсатында республиканыӊ обаға қарсы күрес станциялары жоспарлы тәртіппен кеміргіштер мен тасымалдаушылар (бүрге) арасында оба эпизоотияларыныӊ болуына зерттеп-қарауды қамтитын эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін жүргізеді. Бұл профилактикалық дезинфекциялауды (бүргелерді жою) және дератизациялауды (кеміргіштерді жою) жүргізуге жататын аумақтарды уақтылы айқындауға мүмкіндік береді.

Жоғарыда көрсетілген жоспарлы жұмыс шеӊберінде жүргізілген мониторинг барысында Байқоӊырға іргелес орналасқан Қызылорда облысыныӊ 5 ауданыныӊ және Қарағанды облысыныӊ Ұлытау ауданыныӊ аумағында, атап айтқанда Байқоӊыр қаласынан 12 км аумақтыӊ шектелген учаскесінде кеміргіштер мен бүргелерден өсірінділердіӊ бөлінуі расталған, табиғи ошақтыӊ жандануы анықталды.

Осыған байланысты, Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы қолданыстағы келісім шеӊберінде "Байқоӊыр" кешенініӊ басшылығын анықталған эпизоотиялар туралы хабардар етті, оларға профилактикалық дезинсекциялау және қаланыӊ сыртында жұмыс істейтін 34 жұмыскерлерге профилактикалық вакцинация жүргізу ұсынылды.

Аталған жағдай республиканыӊ обаға қарсы күрес қызметі үшін штаттық болып табылады.Осындай жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі.

Қазіргі уақытта қорғаныш аймағын құру үшін Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы өӊірдіӊ аумағына дезинсекциялық өӊдеуді, сондай-ақ халық арасында санитариялық сауаттандыру жұмысын жүргізуде. Барлық мүдделі қызметтер хабардар етілді.

Жүргізіліп отырған профилактикалық жұмыс елдіӊ табиғи-ошақтық аумағында тұрақты санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жыл сайын обаға қарсы күрес станциялары осындай эпизоотияларды анықтайды және олардыӊ алдын алу жұмыстарын жүргізеді.

Естеріӊізге сала кетейік, Қазақстанда жүргізілетін эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенініӊ арқасында 2003 жылдан бері адамдар арасында обамен ауыру жағдайлары тіркелмеген,- деп хабарлайды ҚР ДСМ Баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны