10.10.2017, 17:47 4186

Қазақстанда Халықаралық "Хедая" орталығыныӊ аймақтық кеӊсесін ашу мәселесі қарастырылуда

Кездесуге қатысушылар Қазақстанда "Хедая" орталығыныӊ өӊірлік кеӊсесін ашу үшін аталған ұйымды Иділет министрлігіне тіркеуге қоюға қатысты ұйымдастырушылық бағыттағы мәселелерді талқылады.

Астана. 10 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Имірліктері арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардыӊ орнағанына 25 жыл толуы аясында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Біріккен Араб Имірліктерініӊ Қазақстандағы Елшісі Мохаммад Ахмад Султан Эсса Альджабермен, экстремизмге қарсы "Хедая" Халықаралық орталығыныӊ атқарушы директоры Максуд Крузбен және "Сауаб" орталығыныӊ өкілі Олайа аз-Захиримен кездесті.

Кездесуге қатысушылар Қазақстанда "Хедая" орталығыныӊ өӊірлік кеӊсесін ашу үшін аталған ұйымды Иділет министрлігіне тіркеуге қоюға қатысты ұйымдастырушылық бағыттағы мәселелерді талқылады.

Кездесу барысында "Хедая" және "Сауаб" орталықтары қызметініӊ таныстырылымы өткізілді. "Хедая" халықаралық орталығы 2012 жылғы желтоқсан айында Біріккен Араб Имірліктерініӊ бастамасымен құрылған. Ұйымныӊ негізгі миссиясы - зорлық-зомбылықты экстремизмге қарсы үздік сараптамалық зерттеулерді жүргізу және тарату арқылы экстремизмді жоюға бірлесіп әрекет ету болып табылады.

"Хедая" халықаралық орталығыныӊ қызметімен таныстыру барысындааталған орталықтыӊ атқарушы директоры Максуд Круз экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы сарапшылардыӊ арасында ақпарат алмасудыӊ және тікелей байланыстар орнатудыӊ маӊыздылығын атап өтті.

Ал, "Сауаб" орталығыныӊ өкілі Олайа аз-Захири көрнекі ақпараттық-графикалық материалдардыӊ негізінде ИГИЛ лаӊкестік ұйымыныӊ идеологияларын интернет пен әлеуметтік желілерде таратуға қарсы тұру мақсатында Орталықтыӊ атқарып отырған жұмысыныӊ негізгі тетіктері мен нәтижелерін түсіндірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар діни экстремизм мен терроризмніӊ алдын алу саласындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу перспективалары туралы пікір алмасты.

Аталған шараға сондай-ақ, ҚР Сыртқы істер министрлігініӊ, құқық қорғау және арнайы органдардыӊ, Мәдениеттер мен діндер Халықаралық орталығыныӊ, "Ақниет" ҚҚ-ныӊ, "Терроризмге қарсы комитет" РҚБ-ныӊ және "Kazdream technologies" аналитикалық орталығыныӊ өкілдері де қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны