09.10.2008, 15:24 1783

Қазақстанда химиялық өнеркәсіп кластері қайта жаңғырады - Назарбаев

Қазақстанда химиялық өнеркәсіп кластері қайта жаңғырады - Назарбаев

Тараз. 9 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда химиялық өнеркәсіп кластері қайта жаңғырады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысына жасаған жұмыс сапары кезінде осылай деп мәлімдеме жасады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы Қазақстанда химиялық өнеркәсіп кластері қайта жаңғырады деді. Бүгінде аграрлық салада минералдық тыңайтқыштарға деген үлкен сұраныс бар. Қазір тек Үндістан мен Қытай 600 млн тонна минералдық тыңайтқыш тұтынады. Ал Қазақстанның сұранысы 2,6 млн тонна бола тұра, небәрі 200 мың тоннасын ғана тұтынады", - деді Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Санжар Тілепов.

Оның ақпаратына сәйкес, "президенттің айтуынша, Қазақстанның химиялық өнеркәсібіне жалпы $5 млрд инвестиция тартылған. Келесі жылдың өзінде жұмсалатын алғашқы инвестициялық салымдар көлемі $500 млн болмақ".

"Химиялық кластердің қайта жандануына байланысты химия өнеркәсібіне арнап мамандар оқыту орталықтары ашылады. 15 мың адам жұмысқа орналасады. Осы тұрғыда "Оңтүстік" ИКК мен Жамбыл облыстық әкімдігі ауқымды жұмыстар атқаруға тиіс. Химиялық кластердің қайта жандануына байланысты Жамбыл облысындағы Қаратау мен Жаңатас секілді шағын қалалар да қайта түлейді", - деді С. Тілепов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны