01.04.2013, 12:10 5435

Қазақстанда ИКАО стандарттары бойынша қайта сертификаттау нәтижесінде кейбір авиакомпаниялар жабылуы мүмкін

Ағымдағы жылы Қазақстанда ИКАО стандарттарына сәйк авиакомпанияларды қайта сертификаттау жүргізіледі, соның нәтижесінде бірқатар авиатасымалдаушылар өз жұмыстарын тоқтатуы мүмкін, деп деп хабарлады Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында.

Астана. 1-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда ИКАО стандарттары бойынша қайта сертификаттау нәтижесінде кейбір авиакомпаниялар жабылуы мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ағымдағы жылы Қазақстанда ИКАО стандарттарына сәйк авиакомпанияларды қайта сертификаттау жүргізіледі, соның нәтижесінде бірқатар авиатасымалдаушылар өз жұмыстарын тоқтатуы мүмкін, деп деп хабарлады Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында.

"2013 жылы International Civil Avation Organization (ICAO) стандарттарына сәйкес авиакомпанияларды қайта сертификаттау жүргізіледі. ICAO болжамынша, қайта сертификаттау нәтижесінде кейбір авиакомпаниялар жұмыстарын тоқтатуы мүмкін",- деді А.Жұмағалиев.

Министр айтып өткендей, бұл жұмыс ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қазақстандық авиацияның "қара тізімнен" шығуына әсер етеді.

Мамандардың жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төменгі жалақы, төменгі біліктілік және авиациялық инспектордың мәртебесінің болмауы бойынша биылғы жылы авиациялық биліктердің жаңа құрылымы құрылады. Ол үшін Министрліктің штаттық саны шеңберінде азаматтық авиация комитетінің штаты 65 адамға артады, оның ішінде 80% авиацялық мамандар, инспекторлар саны 40 адамды құрайды.

Оған қоса, Азаматтық авиация академиясының базасында ICAO Авиациялық қауіпсізідк орталығы және мамандарды біліктілігін арттырудың бірыңғай оқыту орталығы ашылады.

ККМ мәліметіне сүйенсек, 2008-2013 жылдары елімізде 21 авиациялық оқиға орын алды. Бұл ретте техниканың бұзылуынан - 3, сыртқы факторлар әсерінен - 3, ал ұшу техникасы ережелерін бұзғандықтан, яғни адам факторынан 15 оқиға орын алып отыр.

Осыған орай, ұшуларда адам факторынан болатын жағдайларды төмендету мақсатында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қауіпсіздік жұмысын қадағалау үшін былтыр Үкімет басшысының өкімімен ИКАО аудитінің ескертпелерін жою жөнінде ведомствоаралық жоспар бекітілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны