13.10.2009, 13:23 2911

Қазақстанда инновациялық ғылымды дамытуға инвестиция жұмсауды заңмен міндеттеу керек - Назарбаев

"Біз қандай елден кім болмасын, инновацияларға ақша бөл деп заңмен міндеттеуіміз қажет. Бизнес дамуға ақша жұмсап, ғалымдарға осындай жұмысқа тапсырыстар беруге тиіс",- деді Н.Назарбаев.

Алматы. 13 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда инновациялық ғылымды дамытуға инвестиция жұмсауды заңмен міндеттеу керек. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Студенттер сарайында оқытушы-профессорлар мен студенттерге дәріс оқыған кезде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біз қандай елден кім болмасын, инновацияларға ақша бөл деп заңмен міндеттеуіміз қажет. Бизнес дамуға ақша жұмсап, ғалымдарға осындай жұмысқа тапсырыстар беруге тиіс. Мен үкіметтің алдына ғылымды дамыту жөнінде міндет қойдым. Инновациялық жаңалықтардың трансфертінің кешенді жүйесі құрылуға тиіс. Министрдің бір орынбасары мен компания жетекшісінің бір орынбасары ғылым үшін жауап беруге тиіс", - деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны