19.12.2012, 11:46 3448

Қазақстанда инновациялық жобаларды коммерцияландырудың 15 кеңсесі жұмыс істейді

Республикада 2011 жылдан бастап Қазақстанның ғылыми-зерттеу институттары мен университеттері жанынан инновациялық жобаларды коммерцияландырудың 15 кеңсесі құрылды, деп хабарлады "Технологиялық дамыту жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ баспасөз қызметі.

Астана. 19-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанда инновациялық жобаларды коммерцияландырудың 15 кеңсесі жұмыс істейді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Республикада 2011 жылдан бастап Қазақстанның ғылыми-зерттеу институттары мен университеттері жанынан инновациялық жобаларды коммерцияландырудың 15 кеңсесі құрылды, деп хабарлады "Технологиялық дамыту жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ баспасөз қызметі.

" 2011 жылдан бастап "ТДҰА" ықпал етуімен Қазақстанның ҒЗИ мен университеттері жанынан инновациялық жобаларды коммерцияландырудың 15 кеңсесі құрылды. Кеңселер технологиялық аудитті жүргізуді талап ететін инновациялық жобаларды жинақтап, әзірлеудің әрбір кезеңінде таныстыру шараларын дайындауға арналған", - делінген агенттіктің хабарламасында.

Атап өту керек, 2011 жылы 9 кеңсе ашылса, биыл тағы да 6 кеңсе қосылды.

Коммерцияландыру кеңселері жұмыс істей бастаған екі жыл ішінде түскен 222 инновациялық жоба қарастырылып, олардың 56-ы бойынша тұжырымдаманы негіздеу жөніндегі мақсатты жұмыстар жүргізілуде.

Өз кезегінде, ТДҰА технологияларды комерцияландыру кеңселеріне жобаларды сұрыптауда әдістемелік қолдау көрсетеді, технологияларды коммерцияландыру бойынша консультациялық қызмет көрсетеді.

Соңғы 2 жыл ішінде 250 астам отандық инноваторлар жобаларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік қолдауға ие болды. Олардың ішінде тау-кен кешеніне арналған энергия үнемдейтін диірмен; "Тараз-процесс II" құрышты балқыту арқылы қалпына келтірудің әлемде теңдесі жоқ жоғары технологиясы; отандық мембраналық технологияны қолдану арқылы суды тұщыландыратын және тазартатын қондырғылар өндіру ("Мембраналық технологиялар" ЖШС) жөніндегі эспорттық әлеуеті жоғары жобалар және тағы басқалары бар.

Коммерцияландыру кеңселерін құру Қазақстан Республикасында Инновацияны дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде жүргізілуде.

Аталған бағдарламаның мақсаты инновациялық-технологиялық дамытуды басқару жүйесін құру арқылы экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ететін ұлттық инновациялық жүйені құру, жоғары технологиялы шағын және орта бизнесті дамыту үшін жағдай жасау және елдің ғылыми әлеуетін арттыру болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны