16.09.2008, 14:01 1448

Қазақстанда ядролық энергетика саласында жеке уәкілетті орган құрылады - Кәрім Мәсімов (толық нұсқасы)

Қазақстанда ядролық энергетика саласында жеке уәкілетті орган құрылады - Кәрім Мәсімов (толық нұсқасы)

Астана. 16 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда ядролық энергетика саласында жеке уәкілетті орган құрылады; бүгін үкіметте өткен отырыста республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов оны құру мәселелерін дәйектеуді тапсырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Энергетика және минералды ресурстар министрлігі бүгін ядролық энергетика саласында жеке уәкілетті орган құру жөнінде мәселе көтерді. Мұндай талап болса, онсыз күрделі болатыны анық", -деді Кәрім Мәсімов.

"Мәселенің келесі бір қыры - осындай орган Қазақстанға қашан қажет болмақ деген сауалда", -деді ол.

Еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаевтың айтуынша, мұндай уәкілетті орган Қазақстанға "осындай бірінші Атом электр станциясы айда болған кезде" қажет болады.

"Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің талабы бар: атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдаланушы елдер әлдебір квалификациялық талаптарға сай келуге тиіс, соның ішінде дербес тәуелсіз ядролық комиссиясы немесе мемлекеттік органы болуға тиіс деген талап бар. Яғни, бұл талап бойынша ядролық мекеме басқа мемлекеттік органның құрамында болуға тиіс емес. Соған байланысты бізге ерте ме, кеш пе, ядролық энергетика саласындағы тәуелсіз уәкілетті құрылым құру мәселесін шешуге тура келеді",- деді С.Мыңбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны